КОЛЛЕДЖ МИССИЯСЫ

Біздің колледждің міндеті-бәсекеге қабілетті, білікті, жоғары азаматтық және адамгершілік қасиеттерге ие,  кәсіби қызметке қабілетті мамандарды даярлауға бағытталған заманауи сапалы білім беруді қамтамасыз ету.

       Орта медициналық білімі бар, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, құзыретті, жауапты, ізгілікті, мейірімді, өз мамандығын еркін меңгерген және үздіксіз кәсіби өсуге ұмтылған жоғары білікті мамандар даярлау.

        Халықаралық стандарттарға бағдарланған, құзіреттілікке негізделген бәсекеге қабілетті, қаланың және аймақтың еңбек нарығында талап етілетін мамандар даярлау бойынша жоғарғы деңгейдегі білім беру қызметін ұсыну.

Күтетін нәтижелер:

– Жеке имиджді қалыптастыру – жоғары сапалы медициналық қызмет ұсынатын тұрақты және сенімді оқу орнын қалыптастыру;
– Ішкі және сыртқы тұтынушылардың қажеттіліктілерін қанағаттандыруды қамтамасыз ету;
– Білім алушылардың қоғамда өздерін таныта алуы үшін білім, білік, дағдыларды игеруіне кепілдікті қамтамасыз ету;
– Қызметкерлердің атқарушылық жауапкершілігіне, мәдениетіне, құзырлығының жоғары деңгейіне, оқытудың жеке тұлғаға бағытталған әдісіне қол жеткізу.

 «Қазақстан»  медициналық колледжі — қазіргі заманғы еңбек нарығына қажетті бәсекелестік жағдайында еңбек етуге дайын.  

КОЛЛЕДЖ ҚЫЗМЕТІНІҢ МАҚСАТТЫ БАҒДАРЛАРЫ

Оқу бөлімі:

  1. Жалпы білім беретін пәндердің оқу кабинеттерінің материалдық-техникалық базасын МЖМБС — ға сәйкестендіру.
  2. Білім беру процесін ақпараттандыруды іске асыруды жалғастыру (оқу кабинеттерін электрондық құралдармен, оқулықтармен, дидактикалық және бағалау материалдарымен, оның ішінде компьютерлік бағдарламаларды пайдалана отырып толықтыру).
  3. Студенттердің жетістіктерін бағалаудың рейтингтік жүйесін енгізу (сынақ-кредит жүйесін енгізу).
  4. Ашықтық, объективтілік,  қоғамдық-кәсіби қатысу қағидаттары негізінде білім беру процесінің сапасын бағалау және мониторинг жүйесін жетілдіру бойынша жұмысты жалғастыру.

Ғылыми-әдістемелік бөлім:

– Жеке имиджді қалыптастыру – жоғары сапалы медициналық қызмет ұсынатын тұрақты және сенімді оқу орнын қалыптастыру;
– Ішкі және сыртқы тұтынушылардың қажеттіліктілерін қанағаттандыруды қамтамасыз ету;
– Білім алушылардың қоғамда өздерін таныта алуы үшін білім, білік, дағдыларды игеруіне кепілдікті қамтамасыз ету;
– Қызметкерлердің атқарушылық жауапкершілігіне, мәдениетіне, құзырлығының жоғары деңгейіне, оқытудың жеке тұлғаға бағытталған әдісіне қол жеткізу.

 «Қазақстан»  медициналық колледжі — қазіргі заманғы еңбек нарығына қажетті бәсекелестік жағдайында еңбек етуге дайын.  

Тәрбие жұмысы:

Қазіргі қоғамдағы өмір сүру және тиімді әлеуметтік кәсіби қызмет үшін қажетті жеке және кәсіби маңызды қасиеттерді қалыптастыру, үздіксіз жеке және кәсіби өзін-өзі жетілдіру қажеттілігін дамыту.

  1. Еркін, физикалық сау, рухани бай, адамгершілік тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін білім беру ұйымдарының тәрбие жүйесін құру және дамыту.
  2. Қазақстандық қоғамда қалыптасқан этникалық және діни төзімділіктің тұрақты дәстүрлерінің негізінде тәрбиелеу;
  3. Жастарда Қазақстанға сырттан еніп жатқан этнотиози экстремизм мен радикализмнің түрлі нысандарына қарсы тұру дағдыларын қалыптастыру.
  4. Жастардың шығармашылық қабілеттерін, жалпы оқу іскерліктерін, өзін-өзі тану және өзін-өзі жетілдіру дағдыларын барынша дамыту.

Кәсіптік тәжірибе:

  1. Экономиканың нақты секторының қажеттіліктеріне жауап беретін дайындық мазмұнын келісу мақсатында әлеуметтік әріптестермен (жұмыс берушілермен) өзара іс-қимылды жетілдіру.
  2. Түлектердің жұмысқа орналасуын мониторингілеу тетігін дамыту, сондай-ақ колледждегі оқуды аяқтағаннан кейін үш жыл ішінде мамандық бойынша жұмысқа орналасу мақсатында түлектермен кәсіптік бағдар беру жұмысын жетілдіру.
  3. Медициналық мамандықтың тартымдылығы мен беделін арттыру бойынша жұмысты жалғастыру (оның ішінде барлық бөлімшелерде кәсіби шеберлік конкурстарын өткізу арқылы).

Педагог-психолог :

Білім алушылардың психикалық және әлеуметтік амандығын сақтауға бағытталған кәсіптік қызметін жүзеге асырады. Әр түрлі бейінді және бағыттарда психология-педагогикалық диагностика өткізеді. Білім алушылардың жеке тұлғасы мен әлеуметтік мәселелерін шешуге педагогикалық ұжымын бағдарлау мақсатында психология-педагогикалық қорытынды шығарады және оны талдайды. 

Қаржы-экономикалық қызмет:

  1. Колледждің қаржы-экономикалық қызметінің негізгі мақсаты колледжді тиімді дамыту және барынша пайда алу үшін қаржы ресурстарын арттыру және пайдалану болып табылады.
  2. Колледждің қаржы — экономикалық қызметінің міндеті-қаржылық жағдай туралы толық және шынайы ақпаратты қалыптастыру, шаруашылық қызметінің теріс нәтижелерін болдырмау.